Баланың денесін іздеу екі күнге созылды.
ERNUR.KZ. Атырауда әкесінің көз алдында суға батып кеткен 13 жасар баланың денесі табылды, деп жазады Azattyq Ruhy.
Жасөспірім бала 19 маусым күні сағат 14.00-де суға шомылуға рұқсат етілмеген жерде батып кетті. Әкелі-балалы бірге суға түсуге келген екен. Олар Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғындары. Баланың денесін іздеу екі күнге созылды. Индер ауданының 10-ға жуық тұрғыны төрт құтқарушымен бірге іздеуге көмектесті.
Естеріңізге сала кетейік, Атырауда шомылу маусымы 15 маусымда басталды. Жыл басынан бері өңірде 9 адам суға батып кетті, оның үшеуі – бала.
«2021 жылы 21 адам суға кетті, оның ішінде төртеуі – бала. Көбінесе мұндай оқиғалар ата-аналардың абайсыздығынан, рұқсат етілмеген жерде шомылатын жерде болады. Сондай-ақ, демалыс кезінде спирттік ішімдіктерді ішпеуіңізді сұраймыз», - деп хабарлады Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.