Атырауда жоғалған 20 жастағы бойжеткен үш күннен кейін иесіз сарайдан табылды

0
18 200

2023 жылғы бойжеткен 14 қарашада түнгі сағат 21:50-де үйінен шығып кеткен.


Атырауда жоғалған 20 жастағы бойжеткен үш күннен кейін иесіз сарайдан табылды

ERNUR.KZ. Атыраулық 20 жастағы бойжеткен үш күн бұрын жоғалып кеткен. Бүгін құтқарушылар жоғалған бойжеткенді қараусыз қалған сарайдан аман-есен тапты, деп жазады inform.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар депаратментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, 2023 жылғы бойжеткен 14 қарашада түнгі сағат 21:50-де үйінен шығып кеткен.

«Содан бері туыстарына өзі туралы хабар бермеген. Сол себептен, туыстары кеше, 16 қарашада төтенше жағдайлар департаментіне бойжеткеннің жоғалғаны туралы хабарлап, іздестіруге көмек сұрады. Осыған байланысты департаменттің қызметкрелері жан-жақты іздеу жұмысына кірісті. Кинологтар Жайық өзенінің жағалауынан, далалық жерден іздестіру жүргізді. Бүгін, 17 қарашада жергілікті уақытпен сағат 10:20-да жоғалған бойжеткен «Жқмыскер» шағын ауданындағы қараусыз қалған сарайдан аман-есен табылды», - деп хабарлады қоғаммен байланыс тобынан.

Қазір 2003 жылғы қыздың хабар-ошарсыз кету себебі анықталып жатыр. Іздестіру жұмысына департаменттің 5 қызметкері, 1кинологиялық топ, 1 техника тартылған.