Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты уақытша жабылды

0
217

Жөндеу жұмыстарына 2 мыңнан аса адам мен 70 арнайы техника жұмылдырылған.


Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты уақытша жабылды

Фото: kmg.kz

ERNUR.KZ. Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылды. Кәсіпорын қазан айының аяғында қайта іске кіріседі, деп жазады zakon.kz.

Жөндеу жұмыстарына 2 мыңнан аса адам мен 70 арнайы техника жұмылдырылған.

Олар технологиялық құрылғылар мен құбырларды тексеріп, реакторлық жабдықтардағы катализаторларды ауыстырады.

Қазір зауыттың резервуар паркінде жанар-жағармай қоры жинақталған.

30 мың тонна бензин, 15 мың тонна дизель және 500 тоннадай сұйытылған газ қоры бар.

"Зиянды заттардың ауаға шығарылуын болдырмау үшін жабдықтарды тазалау жұмыстары жабық жүйеде жүргізіледі. Жалпы жоспарлы алдын алу жұмыстары зауыттағы технологиялық қондырғылардың қауіпсіз қызметі мен тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, өндірістің тиімділігін арттыру үшін қажет. Бұл жыл сайын өткізілетін шара", - дейді Болатбек Есқалиев, мұнай өңдеу зауыты бас механигінің міндетін атқарушы.