Атыраулық дәрігерлер дәріден уланған жасөспірімді аман алып қалды

0
818

Дәріден уланған қыз бірден жансақтау бөліміне жатқызылған.


Атыраулық дәрігерлер дәріден уланған жасөспірімді аман алып қалды

Атыраулық дәрігерлер қан қысымын түсіретін дәріні көп мөлшерде ішіп, уланып қалған 12 жасар қызды аман алып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәріден уланған қыз баланың жағдайы нашарлаған күйде облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, бірден жансақтау бөліміне жатқызылған.
Облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Дулат Сабыровтың айтуынша, ол қан қысымын түсіретін дәріні аса көп мөлшерде ішіп, уланып қалған.
Жан сақтау бөлімінде жатқан пациенттің денсаулығы үшін дәрігерлер 12 сағат арпалысқан. Жағдайы жақсарған соң палатаға ауыстырылған. Денсаулығы қалпына келген жасөспірім үйіне шығарылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала отбасында болған келіспеушіліктерге байланысты ренішпен көп мөлшерде дәрі ішкен.