Компания айыппұл арқалады.
ERNUR.KZ. Атырау облысында шикі газды тиімсіз пайдаланған компания жазаланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«ANACO» ЖШС 2018-2023 жылдар аралығында көлемі 4 237 248 м3 шикі газдың жоғалуына жол беріп, жер қойнауын ұтымсыз пайдаланған.
«Бұл – «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің 125-бабының 2-тармағы және 147-бабының 4-тармағының талаптарын өрескел бұзу. Яғни, көмірсутектерді өндіру оның жоғалуын болдырмайтын әдістер мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы керек.
Қадағалау актісінің негізінде мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасымен мемлекетке келтірілген залал мөлшері есептеліп, 673 130 278 теңгені құрады», - деп хабарлады Атырау облысының прокуратурасы.
Жер қойнауын пайдаланушы ерікті түрде 285 000 000 теңге төленді.