​Ауыл шаруашылығы кооперациясына 1 трлн теңге бөлінеді

0
369

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.


​Ауыл шаруашылығы кооперациясына 1 трлн теңге бөлінеді

ERNUR.KZ. Келесі жылы ауыл шаруашылығы кооперациясына 1 трлн теңге бөлінеді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында осындай мәлімет келтірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ұлттық жобасындағы жоспарлар орындалмай жатыр. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге қатысты 65 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Іс жүзінде оның 31-і ғана іске қосылды. Сол сияқты 7 құс фабрикасының орнына 3 фабрика салынды. Балық өндіретін 11 жобаның жетеуі ғана пайдалануға берілді», - деді Мелекет басшысы.
Президенттің пайымынша, елімізді негізгі азық-түлікпен толық қамтамасыз ету үшін Үкімет жоспарланған барлық жобаларды жүзеге асыруға міндетті.
«Келесі жылы ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту жөніндегі ауқымды жобаны бастаймыз. Оған 1 триллион теңге бөлінеді. Бұл жоба 1 миллион ауыл тұрғынын қамтиды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.