Ауызсуды субсидиялауға 13 млрд теңге бөлінеді - Роман Скляр

0
1 012

Жаңа нысандардың іске қосылуына қарай субсидиялауға қажеттілік өсіп отыр.


Ауызсуды субсидиялауға 13 млрд теңге бөлінеді - Роман Скляр

ERNUR.KZ. Ауыл тұрғындары үшін ауызсуды субсидиялауға 13 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ауылдық жерлерде суға қолданылып жүрген тарифтер өңірлерде әртүрлі. Ең төменгі тариф Жамбыл облысында - 25 теңге, ең жоғарғы тариф Қостанайда - 3 992 теңге. Халық үшін тарифтерді мемлекет субсидиялайды. Халық суға есептеу құралы болса - 30 теңге және болмаған жағдайда 40 теңге төлейді. Көрсетілген тарифтен артық сома субсидияланады», - деді министр.

Роман Склярдың атап өтуінше, бүгінгі күні республикалық бюджеттен шамамен 13 млрд теңге субсидия бөлу көзделген. Бұл ретте, жаңа нысандардың іске қосылуына қарай субсидиялауға қажеттілік өсіп отыр.

«Осы нысандармен Ауыл шаруашылығы министрлігі бекітетін су құбырларының тізбесін толықтыру қажет. Аталған тізбені бекіту жөніндегі функцияларды әкімдіктерге беру субсидиялар бөлу мәселесін жеделдетуге мүмкіндік береді», - деді ол.