Аязға байланысты СҚО-да 331 жылыту бекеті жұмыс істеп тұр

0
1 019

Облыста қазір 331 жылыту бекеті іске қосылып, жұмыс істеп тұр.


Аязға байланысты СҚО-да 331 жылыту бекеті жұмыс істеп тұр

ERNUR.KZ. Сарышұнақ аяз солтүстікқазақстандықтарды әлі күнге дейін қыспаққа алуда, деп жазады «Хабар 24».

Соңғы күндері сынап бағанасы кей жерлерде тіпті 42, 43 градусқа дейін төмендеп кетті. Осыған байланысты өңірдегі жол-патрульдік полиция қызметкерлері жүк көлігімен алыс сапарға шыққан жолаушыларды өздігінен жібермей, барлығын бір колоннаға жинап діттеген жерлеріне дейін жеткізіп салуға көмектесіп жатыр. Айта кету қажет, осыдан бірнеше күн бұрын полицейлер Беларусьтен Алматыға бара жатып, көлігі жарамай қалған азаматтарға көмек көрсетті. Шетелдіктерді тамақтандырып, көлікті жөндеу орнына жеткізіп салды. Қазір өңірде республикалық маңызы бар тасжолдарда патрульдік полицияның экипаждары күндіз-түні кезекшілік жасауда. Ал облыста қазір 331 жылыту бекеті жұмыс істеп тұр.

Болат Тордыбаев, автобус жүргізушісі: – Тоқтатқаны дұрыс. Ауа райына байланысты ескерту жасап жатыр. Қазір артқа қайтпақпыз. Баян Байғаскина, облыстық полиция департаменті ЖПҚ басқармасының аға инспекторы: – Дизельдік жанар-жағармаймен жүретін және ауыр жүк көліктері бір коллонаға жиналып, алыс және жақын маңдағы жылыту бекеттеріне дейін ілестіріледі. Жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігі біздің басты назарымызда.