Бақбақтың дәрілік қасиеттерін жаңадан зерттеу туралы хабарлама ufospace.net порталында жарияланған.
ERNUR.KZ. Telegram-арнада COVID-19 емдеу кезінде бақбақ жапырағы сығындысының тиімділігін дәлелдеген жаңа зерттеу туралы хабарлама тарады, деп жазады stopfake.kz.
Қарапайым өсімдік коронавирустың спайк-ақуызы мен жасушалар бетінің байланысын оқшаулауға қабілетті, осылайша, індет жұқтыруды болдырмайды екен. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды.
Бақбақтың дәрілік қасиеттерін жаңадан зерттеу туралы хабарлама ufospace.net порталында жарияланған. Интернет-басылым қастандық теориялары мен фейк жаңалықтарды таратуға мамандандырылған.
Порталда дереккөз ретінде BioRXiv.org, Naturalnews.com платформалары және SienceDirect.com ғылыми журналы көрсетілген.
Сайтта BioRXiv.org бақбақ жапырағы сығындысының SARS-CoV-2с коронавирусының ақуызының жасуша бетімен байланысу процесіне әсері туралы зерттеу жарияланғаны рас. Ғалымдар тәжірибелерді тек жасушалық желілерде ғана жүргізген. Бақбақ жапырақтарының сығындысын адамдарда немесе жануарларда қолдану сыналған жоқ. Сонымен қатар, порталда BioRXiv.org зерттеулердің препринтткері, яғни рецензияланбаған ғылыми жұмыстар жарияланады, демек, олардың шынайылығы мен маңыздылығы расталмаған.
"BioRXiv COVID-19 байланысты көптеген мақалаларды жариялайды. Ескерту: оларға ресми сараптамалық баға берілмейді және денсаулыққа байланысты мінез-құлықты анықтамайды немесе баспасөзде түпкілікті деп жарияланбайды", – делінген сайтта.
Мамандардың айтуынша, ақпарат көзі ретінде көрсетілген Naturalnews.com порталы да сенімді емес.
Сайт фейк жаңалықтар мен манипуляцияларды, сондай-ақ псевдоғылыми хабарламаларды орналастырады. Сонымен қатар, бақбақ туралы мақалада спайк ақуызына әсері туралы зерттеу мүлдем аталмайды. SienceDirect.com порталы өз кезегінде, ғылыми негізделген деректерді жариялайтын сенімді дереккөз болып табылады. Алайда, онда қарапайым бақбақтың фитохимиялық және фармакологиялық сипаттамаларына арналған материал ғана таба аласыз. Сонымен қатар, бұл мақала SienceDirect.com порталында 2006 жылғы 11 қазанда жарияланған. Тиісінше, онда өсімдіктің SARS-CoV-2 коронавирусының спайк ақуызына әсері туралы айтылмайды, өйткені бұл штамм адамзатқа 13 жыл өткен соң 2019 жылдың соңында белгілі болды, - дейді сарапшылар.
Қорыта айтқанда, COVID-19 емдеуде бақбақ жапырағы сығындысының тиімділігі туралы қорытындылар ерте жасалған. Өсімдіктің қоздырғышқа әсерін сипаттайтын зерттеу тек жасуша желісінде ғана жүргізілген. Сенсациялық жаңалық туралы айтылған ақпаратта көрсетілген басқа дереккөздер бұл зерттеуге сүйенбейді және оның авторлары аталмайды.