Балабақшадағы эпидемияға қарсы ноу-хау Ақтаулықтардың ашуын келтірді

0
1 179

Барлық есіктің тұтқалары хлорға малынған шүберекпен оралған.


Балабақшадағы эпидемияға қарсы ноу-хау Ақтаулықтардың ашуын келтірді

ERNUR.KZ. Ақтаудағы балабақшалардың бірінде вируспен күресудің өзіндік әдісі пайда болды, деп жазады Stan.kz.

Есіктің барлық тұтқалары хлорға малынған шүберекпен оралған. Балалардың ата-аналары мұндай әрекетке ашуланған: біріншіден, дымқыл шүберектерді ұстау жағымсыз, екіншіден, балалар есікті ашқанда қолын көзіне, аузына апарады, әсіресе кішкентайлар, деп жазады портал.

«Дезинфекциялық ерітіндіге малынған шүберектер көмектеспейді және қорғамайды. Еш жағдайда бұлай жасауға болмайды. Біздің мекемелер мен тұрғындар тым шектен шықты. Бөлменің ауасын жиі тазартып, дезинфекциялық заттарды қолданып тазалап отыру керек. Кварцтау процесін жүргізіп, бала күтушілерін абай болуға шақыру қажет. Тек еденді ғана емес, балалар мен ересектер қол тигізген барлық жерді сүрту керек: сантехникалық құрал, шкафтар мен есік ұстағыштарын. Және бұл тазалау жұмыстары әр екі сағат сайын жүргізілуі тиіс. Балабақшалар үшін тәулігіне үш рет тазалау жұмыстары жүргізілуі тиіс», - деді Асима Жарылғасова, Ақтау қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік бөлімінің бастығы.

«Сонымен қатар, балабақшада таңертеңгі тексеріс жүргізілуі тиіс - медбике барлық балаларды суық тию, жөтелге, қызу көтерілуі сияқты белгілерге тексеруі керек. Коронавирусқа құрғақ жөтел, қызумен және жалпы әлсіздік белгілері тән. Күдіктенген жағдайда, медициналық мекемелерге хабарласып, дәрігерге немесе үйге жедел жәрдем шақыру керек», - деді А. Жарылғасова.

Кейбір балабақшаларда ата-аналарға алдын-ала хабарлама жасалды: балаларды тек медициналық бетперде тағып алып кету. Ата-аналар болса бетперде дәріханаларда жоқ екенін айтып шағымданған.

«Біз барлық ата-аналардың балаларымен бірге еңбек демалысына шығуға мүмкіндігі бола бермейтінін түсінеміз. Бірақ бұл сіздің балаңыз және басқалардың балалары алдындағы жауапкершілігіңіз. Егер медбике жөтелді байқамаса, бұл туралы бала күтушісі медбикеге хабарлауға міндетті. Ал ол, өз кезегінде, бала ата-анасына оны балабақшадан алып кетуді талап етуі керек », - деді департаментте.