Бұл оқиға 2025 жылы желтоқсанда болған еді.
Фото: Polisia.kz
ERNUR.KZ. Бангкоктан Алматыға ұшқан рейс арқылы 9 келіге жуық есірткі тасыған бойжеткен 16 жылға сотталды. Ол – Жамбыл облысында тұратын 23 жастағы қыз еді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, бұл оқиға 2025 жылы желтоқсанда тіркелген. көліктегі полиция департаменті тергеу жүргізе келе, оның кінәсін дәлелдеген.
23 жастағы қыздың жүк сөмкесінен 8 кг 879 грамм есірткі табылған.
«Ол Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы аса ірі көлемде есірткі тасып, оны сату мақсатында сақтағаны үшін 16 жылға сотталды», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.


