Байқоңыр ғарыш айлағына Халықаралық ғарыш стансысына аттанатын кезекті экспедицияның мүшелері келіп жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
фото: inform.kz
Байқоңыр ғарыш айлағына Халықаралық ғарыш стансысына аттанатын кезекті экспедицияның мүшелері келіп жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
5 наурыз күні «Союз МС-08» көліктік басқарылатын кемесінің негізгі және қосалқы мүшелері ұшырылым алдындағы даярлыққа кіріседі. Негізгі экипаждың құрамында кеме командирі, «Роскосмос» ғарышкері Олег Артемьев; бортинженерлер, NASA астронавтары Эндрю Фойстел мен Ричард Арнольд бар. Қосалқы құрам: космонавт Алексей Овчинин мен NASA астронавты Ник Хейг. Ұзақмерзімді экспедицияның «Союз МС-08» кемесімен Халықаралық ғарыш стансысына ұшырылымы 2018 жылдың 21 наурызына белгіленген.