Ол сұхбат беру кезінде тілшіге қарата айтылған артық сөздерін қайтып алып, енді қайталамайтынын айтты.
Журналистке қол жұмсап, кәсіби қызметіне кедергі келтірді деп айыпталған экс-депутат Бекболат Тілеухан жәбірленуші Айнұр Коскинадан кешірім сұрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.
Шенеунік сұхбат беру кезінде тілшіге қарата айтылған артық сөздерін қайтып алып, енді қайталамайтынын айтты.
Нұр-Сұлтанда экс-депутат Бекболат Тілеуханға қатысты әкімшілік сот басталды. Процес барысында қос тарап та болған жайтты тәптіштеп айтып берді.
Шенеунік өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Тіпті жәбірленушілер жала жауып, ар-ожданымды таптағаны үшін сотқа жүгінемін деді.