Алдағы уақытта 60 мың тестке тапсырыс берілді.
ERNUR.KZ. Бүгін ресми мәлімет бойынша елімізде екі қазақстандық азаматтың коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, деп жазады newsroom.kz.
Сондай-ақ,ауруды анықтауда қандай шаралар жасалынып жатқаны туралы айтты.
"Осы күнге дейін үш ай бойы коронавирусты анықтау үшін елімізде 3389 азаматқа 5093 тест қолданылды. Дәл қазір 9907 данасы бар. Осылардың ішінде екеуінен оң нәтиже шықты. Алдағы уақытта 60 мың тестке тапсырып берілді, одан кейін қосымша 40 мың данасына тапсырыс беріліп қойды. Осылайша бізде 100 мың дана тестілер резервте болады. Олар Германия, АҚШ, ҚХР, Ресей, БАӘ және қазақстандық тестілер",- деді Е.Біртанов.