Бишімбаев ісі: алқабилер алқасына кандидаттарды іріктейтін жабық отырыс басталды

0
812

Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі және 2 қосалқы) алқабилер алқасы құрылады.


Бишімбаев ісі: алқабилер алқасына кандидаттарды іріктейтін жабық отырыс басталды

ERNUR.KZ. Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер алқасына кандидаттарды іріктейтін жабық отырыс басталды, деп жазады inform.kz.

Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі және 2 қосалқы) алқабилер алқасы құрылады.
Осыған орай, кеше алқабилер алқасына іріуктеу тәртібі түсіндірілді.

«Қазақстан Республикасының соты ең алдымен істерді заңдылық, заң мен сот алдындағы барлығының теңдігі, тараптардың теңдігі және ашықтық қағидаттарын сақтауға бағытталғанын атап өткім келеді.
Өздеріңізге мәлім, Қ.Бишімбаевқа қатысты сот талқылауына қоғамның қызығушылығының артқанын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарынан ашық онлайн-трансляция ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
Осылайша, онлайн-трансляция арқылы кез келген адам, соның ішінде БАҚ өкілдері бұл сот процесінің барысын бақылай алады», — деп жазды Жоғарғы соттық баспасөз қызметі өкілі Перизат Сәдуақас.

Бұл шешім сот талқылауының ашық әрі жариялы болғанын және жалғасатынын білдіреді.

Процеске қатысушылардың және қатысуға ниет білдірушілердің көптігін ескере отырып, отырыстан онлайн-трансляция жүргізілетін қосымша екі зал ұйымдастырылды.

Еске салайық, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем жеткенше көз жұмды.

Мұнан соң Ішкі істер министрлігі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады. Өткен жылы 15 қарашада өткен кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министріне Қ. Бишімбаевтің ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Биыл 11 қаңтарда елорда соты Қуандық Бишімбаевты күзетпен ұстау мерзімін 2 айға ұзартқан еді. Биыл 26 ақпанда Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа түсті. 1 наурызда Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау күні белгіленді.

11 наурыз күні Астананың Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында іс бойынша алдын ала тыңдау өтті. Алдын ала тыңдаудың 12 наурызда жалғасты.