Бишімбаевтың соты: алқабилерді сатып алуы мүмкін бе

0
750

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты алқабилердің қатысуымен өтеді.


Бишімбаевтың соты: алқабилерді сатып алуы мүмкін бе

ERNUR.KZ. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев алқабилерді сатып алғаны расталса, қандай шара қолданылатынын айтты, деп жазады sputnik.kz.

Журналистер Бишімбаевтың сотына қатысатын алқабилердің ақшаға сатылып кетпейтініне кім кепілдік беретінін сұрады.
"Алқабилердің бір көздегені болса, бұл үшін тиісті жауапкершілік қарастырылған. Егер мұндай фактілер анықталса, алқабилер сотын таратып жіберетін мүмкіндік бар", - деді Шыңдалиев мәжіліс кулуарында.
Оның ойынша, Бишімбаевтың соты объективті өтеді.
"Сотта тәртіп қамтамасыз етілуі керек. Сот ток-шоу немесе телешоу емес", - деді бас прокурордың орынбасары.
Естеріңізге сала кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деп айыпталып отыр. Қайғылы оқиға былтыр қараша айының басында Астананың сол жағалауындағы мейрамханалардың бірінде болған.
Қуандық Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылып отыр:
Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі 6-тармағы – адам өлтіру, қасақана аса қатыгездікпен адам өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру);
Қылмыстық кодекстің 110-бабы, 2-бөлігі 1-тармағы – адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамды қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немес осы мерзімге бас бостандығынан айыру).
Ал оның туысқаны Бақытжан Байжанов Қылмыстық кодекстің 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу) және 434-бабы (аса ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша айыпталып отыр.
Осы іс бойынша басты сот отырысы 27 наурызда өтеді. Сотқа алқабилер қатысады.