Келтірілген шығын 237 миллион теңгеден асады.
Сурет: ҚР ІІМ
ERNUR.KZ. Бішкекте ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін өз елінде іздеуде жүрген қазақстандық бойжеткен ұсталды, деп жазады zakon.kz.
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Бішкек халықаралық әуежайында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 26 жастағы қыз ұсталды.
2023 жылдың жазында ол өзге адамдармен бірге банктердің бірінің клиенттерін алдау арқылы банк қосымшасының көмегімен ақша ұрлаған.
Келтірілген шығын 237 миллион теңгеден асады.