БҚО-да 16 жастағы бойжеткен үш баланы өрттен құтқарып қалды

0
615

Улы газдан уланған үй қожайыны есін жимастан ауруханада көз жұмды.


БҚО-да 16 жастағы бойжеткен үш баланы өрттен құтқарып қалды

ERNUR.KZ. БҚО-да 16 жастағы бойжеткен үш баланы өрттен құтқарып қалды, деп жазады Azattyq Rýhy.

2020 жылғы 27 қазан күні сағат 02:12-де Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық өрт сөндіру қызметі кезекші-диспетчерлік бөлімінің пультіне Жәнібек ауылы, Шарафудинова 5/2 көшесінде жеке тұрғын үй жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түскен.

«Өрт жұмыстарын барлау кезінде жалпы ауданы 25 шаршы метрді құрайтын екі пәтерлі үй жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнынан 1983 жылы туылған үйдің қожайыны улы газға улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген. Алайда, улы газдан уланған үй қожайыны есін жимастан, ауруханада көз жұмды», - делінген БҚО ТЖД Баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ерекше атап өтетін жайт, өрт-сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін жеке тұрғын үйдің терезесінен үй қожайынының қызы 2004 жылы туған жасөспірім өзінен кіші 2 сңілісі мен 1 бауырын терезеден өзі шығарып алған. Өрт сөндірушілер екі пәтерлі үйдің екінші бөлігін өрттен сақтап қалды. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр жабдығын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмағандығынан шыққан болуы мүмкін. Өрт сағат 03.56-да оқшауланып, сағат 04.29-да толықтай сөндірілді. Оқиға орында өрт сөндірушілер өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

БҚО ТЖД тұрғындарды тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.