Кирсаново – Орал тасжолында Toyota Land Cruiser автокөлігі тоқтатылған.
видео кадры
ERNUR.KZ. БҚО-да полиция өз әріптестеріне айыппұл салды, деп жазады tengrinews.kz.
Кирсаново – Орал тасжолында Toyota Land Cruiser автокөлігі тоқтатылған. Жүргізуші бірнеше ережені бұзғаны белгілі болды: көлікте техникалық ақаулар бар, маневр жасау ережелері бұзылған, жылдамдықты асырған, сондай-ақ көлік заңсыз қайта жабдықталған.
Алайда, тоқтатқан патрульдік көлікте де ақаулар бар болып шықты. Атап айтқанда, оның алдыңғы әйнегі зақымдалған, осыған байланысты полиция қызметкерлеріне айыппұл салынды.
Патрульдік көлік ақауларды жою үшін базаға жіберілгені айтылды.