21 жастағы көлік жүргізушісі мен 52 және 36 жастағы екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысындағы Самара-Шымкент республикалық тасжолында екі жүк көлігі соқтығысты. Апат салдарынан екі адам қаза тапты, деп жазады Tengrinews.kz.
Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті мәліметінше, 10 наурызда сағат 17.15 шамасында Самара-Шымкент тасжолында Сырым ауданы, Алғабас ауылына жақын жерде КамАЗ және DAF көліктері соқтығысқан.
"Соқтығыс салдарынан DAF көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Құтқару жұмыстары кезінде КамАЗ-дағы 35 жастағы жүргізуші есін жимастан қаза болды. Біраз уақыттан кейін ВАЗ 2115 көлігі тасжолда тұрған КамАЗ көлігіне соғылып, 21 жастағы көлік жүргізушісі мен 52 және 36 жастағы екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", - деді полициядағылар.
Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша соталды тергеу басталып, бірқатар сараптамалар тағайындалған.