Боранқұл кен орнындағы жатақханада өрт болып, екі адам қаза тапты

0
771

Тағы үш адам жарақат алған.


Боранқұл кен орнындағы жатақханада өрт болып, екі адам қаза тапты

ERNUR.KZ. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша шашамен сағат 04.55-те тіркелген, деп жазады inbusiness.kz.

«Маңғыстау облысы «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖШС-не қарасты Боранқұл кен орнында екі қабатты жатақханада өрт шықты. Қазіргі уақытта өрт ауыздықталды. Өртті сөндіруге «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС өртке қарсы қызметінің 2 өрт тобы жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр», – деп жазылған хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша оқиға кезінде екі адам қаза тауып, үш адам жарақат алған.

«Оқиға орнына «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС филиалының басшылығы барды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да Басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың жетекшілігімен оперативтік штаб құрылды. Жедел штабтың құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді», – деп жазылған ҚМГ хабарламасында.