Атырауда БРДМ-2 бронды көлігін сатуға тырысқан 35 жастағы ер адам қолға түсті. Күдіктіні ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады.
ERNUR.KZ. 1986 жылы туған күдіктінің үстінен ҚК 386-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейін тергеу басталды, деп жазады exk.kz.
Әскери техниканың сатылатыны туралы хабалама полицияға 12 сәуір күні келіп түскен. Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тексеріп, жедел-іздестіру іс — шараларын жүргізу барысында 1986 жылғы азаматты ұстады. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.