Жиында Үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылады.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ БОРТ №1 Telegram-каналына сілтеме жасап.
«Жиын барысында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылады деп жоспарланып отыр», - делінген мәліметте.