"Бухгалтерлік салада жұмыс істедім": Сырым Исабаев 10 жылдан кейін сахнаға қайта оралды

0
334

Сондай-ақ өнер иесі Қайрат Нұртаспен арадағы жанжалға қатысты пікір білдірді.


Фото: https://www.instagram.com/syrym__isabaev/

ERNUR.KZ. 2010 жылдары хитменге айналған әнші Сырым Исабаев 10 жылдан кейін сахнаға оралды, деп жазады stan.kz.

Өнер иесі “1001 түн” бағдарламасында қонақ болып, өнерден алыстау себебін түсіндірді.

“2014 жылы соңғы рет концерт беріп, сахнамен қош айтыстым. Негізгі мамандығым – бухгалтер. Сол салаға бет бұрғым келді. 2005 жылы өнерге араласа бастадым. Қайрат Нұртаспен дуэт жаздық. “Алыш қашу операциясы” деген кино түсірдім. Халық жылы қарсы алды. Бір кезде дипломым бойынша жұмыс істеп көргім келді. Есеп-қисапты білетін болғасын кәсіп бастауды жөн көрдім. Бүгінде екі демалыс аймағы мен жасөспірімдерге арналған білім беру сауықтыру кешінін аштым. Олар күні бүгінге дейін жұмыс істеп тұр. Ештеңе мәңгілік емес. Өнерден де кететін кез болады. Сол кезде бала-шағамды кім асырайды?! Олар Шымкентте тұрады. Мен Алматы мен екі ортада жүремін. Сондықтан кәсіп бастадым. Берекелі болып жатыр”, – деді Сырым.

Сондай-ақ өнер иесі Қайрат Нұртаспен арадағы жанжалға қатысты пікір білдірді.

“Қайрат екеумізге айтылған әңгіменің бәрі жалған. “Ренжісіп қалыпты, ақшаға таласыпты” деген сөздердің бәрі өсек. Мен 10 жылға жуық өнерден кетсем де, өнердегі достарымды сақтап қалдым. Қайрат та жеке әнші болып танылды. Мен де ән айтып жүріп, Қайраттың анасының көзіне түсемін. Сондай кезде дуэт жазу идеясы ойға келеді. Бір жыл ішінде бірнеше ән жазып, бейнебаян түсірдік. Жобаларымыздың бәрі халықтың көңілінен шықты. Қайраттың таланты керемет. Қанша жыл сахнада жүр, әлі де берері көп азамат”, – деді өнер иесі.