«Бұл не деген дарақылық!»: қонақтарға түгелдей алтын таратқан той иелері сынның астында қалды

0
184

Желіде қонақтарға алтын үлестірген тойдың видеосы тарады.


«Бұл не деген дарақылық!»: қонақтарға түгелдей алтын таратқан той иелері сынның астында қалды

Бейнеден кадр

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде той үстінде қонақтарға түгелдей алтын сырға мен жүзік таратқан видео тарады. Қазнет қолданушылары той иелерінің бұл әрекетін сынап тастады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Желіде жарияланған видеода «алтын шашу той, тек алтын тарататын той жасайық» деп жазылған. Аталған видеоның астында желі қолданушылары жарыса пікір қалдыруда. Пікір қалдырғандардың көпшілігі той иелерінің бұл әрекетін сынға алып, бұл нағыз дарақылықтың белгісі екенін жазуда.

«Одан да жоқ-жетімге садаққа қылмайсыңдар ма?», «Той, той деп жарысып өлетін болды ғой. Сол ақшаны балалардың біліміне, денсаулығына жаратса қандай керемет болар еді», «Не деген дарақылық, біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді деген осы екен ғой», «Мынау қандай той, құтырған той, біреулер тамақ таба алмай отыр» сынды пікірлер жарияланған.

Айта кетейік, желіде тараған видеоның нақты қайда және қашан түсірілгені белгісіз. Видео кадрларынан қонақтаржың бейджик асынып тұрғаны көрінеді. Сондықтан, бұл оқиғаның той-томалақ емес, іскерлік шара болуы да мүмкін.