Бұрынғы әйелінің мәлімдемесінен кейін әкімге қатысты қызметтік тергеу басталды

0
402

Ақмарал Үмбетқалиева бұрынғы күйеуінен 11 жыл бойы таяқ жегенін айтқан болатын. Әйел балаларын бір жыл бойы көрмегенін айтты.


Бұрынғы әйелінің мәлімдемесінен кейін әкімге қатысты қызметтік тергеу басталды

ERNUR.KZ. Атырау тұрғыны Ақмарал Үмбетқалиева Атырау облысы Мақат ауданының әкімі қызметін атқаратын бұрынғы күйеуі Ибрагимов Ринаттың өзін 11 жыл бойы ұрып-соғып, балаларын тартып алғанын айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Атырау облысы әкімдігіне сауал жолдадық, онда қызметтік тексеру тағайындалғанын хабарлады.

"Мақат ауданы әкімінің бұрынғы әйелінің мәлімдемесіне қатысты ақпарат: А.Үмебқалиеваның Атырау облысы әкімдігіне бұрын арызданбағанын хабарлаймыз. Анықталған мән-жайларға байланысты қызметтік тергеу тағайындалды", - деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, Ақмарал Үмбетқалиева бұрынғы күйеуінен 11 жыл бойы таяқ жегенін айтқан болатын. Әйел балаларын бір жыл бойы көрмегенін айтты.