БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украина мәселесі жөнінде екі отырыс өткізеді

0
103

Екі кездесу де Нью-Йорк уақытымен сағат 10:00-ге (Астана уақытымен 19:00) жоспарланған.


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украина мәселесі жөнінде екі отырыс өткізеді

фото: Алексей Витвицкий

ERNUR.KZ. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 24 ақпанда батыс елдерінің,17 ақпанда Ресей Федерациясының өтініші бойынша Украина жөнінде отырыс өткізеді. Бұл туралы Ресейдің Дүниежүзілік ұйым жанындағы миссиясының тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Дмитрий Полянский өзінің Telegram каналында хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
"Біздің батыстық әріптестеріміз, әрине, әлемніңУкраинаны ұмытып кеткенін қаламайды. Олар 24 ақпанда АӘО-ның (олар, әрине, оны басқаша атайды) басталғанына 3 жыл толуына байланысты отырыс өткізуді сұрады. Біз де қарап қалмадық, 17 ақпанда Минск шаралар кешенімен бекітілген Қауіпсіздік кеңесінің 2202қарары қабылданғанына10 жыл толуына байланысты отырысөткізуді сұрадық" , - деп жазды ресейлік дипломат.
Екі кездесу де Нью-Йорк уақытымен сағат 10:00-ге (Астана уақытымен 19:00) жоспарланған.