COVID-19: Қандай жағдайда вакцина алуға болмайды

0
428

Вакциналардың өзінің де түр-түрі болғандықтан, олардың компоненттері де бір-бірінен қатты ерекшеленеді.


COVID-19: Қандай жағдайда вакцина алуға болмайды

ERNUR.KZ. Аллергологтар, иммунологтар мен иммунореабилитологтар қоғамының төрағасы, медицина ғылымдарының докторы Тайыр Нұрпейісов қандай жағдайда COVID-19 індетіне қарсы вакцина адам ағзасында қарсы көрсетім туындататынын айтып берді, деп жазады inbusiness.kz.

«Вакциналауды өткізгенде мүлде қарсы көрсетімді мынадай жағдайлар туындатады: өмірге қауіпті әрі ауыр реакцияларды өткізгенде (анафилактикалық шок, асфиксиясымен бірге Квинкенің домбығып ісінуі, Лайелла синдромы және т.б)., сонымен қатар нақты вакцинаның құрамында ағзаға қиын тиюі мүмкін компонентер болған жағдайда. Вакциналардың өзінің де түр-түрі болғандықтан, олардың компоненттері де бір-бірінен қатты ерекшеленеді. Ал Қазақстанда осы жағдайды ескере отырып, басқа вакцинаны таңдап алуға мүмкіндік бар», - дейді Тайыр Нұрпейісов.

Созылмалы аурудың өршуі вакциналау кезінде ағзада уақытша қарсы көрсетім туындатуы мүмкін. Мұндай жағдайда дәрігерге жүгініп, вакциналауды 2-4 аптаға созуға болады.