Денсаулық сақтау министрлігі: "Мистер сидр" сусыны Қазақстанға әкелінбеген

0
626

Бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған ақпаратқа сәйкес сусынның құрамында адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін метанол мен этилбутират қоспаларының көп мөлшері анықталды, өнім заңсыз айналымда болған.


Денсаулық сақтау министрлігі:

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Мистер Сидр" сусыны туралы қосымша ақпарат берді, деп жазады zakon.kz.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараты бойынша, "АНДИ" ЖШҚ (Ресей Федерациясы) өндірген "Мистер Сидр" алкоголі аз сусыны Қазақстан аумағына әкелінбеген, есепке алу-бақылау маркасы берілмеген.

"Сонымен бірге Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне жеткізушілерден өнімнің қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды талап етудің қажеттілігі туралы алкоголь өнімін импорттаушылар мен өткізушілерді ақпараттандыру тапсырылды", – делінген Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті таратқан ақпаратта.

Бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған ақпаратқа сәйкес сусынның құрамында адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін метанол мен этилбутират қоспаларының көп мөлшері анықталды, өнім заңсыз айналымда болған.

Қазақстанда "Мистер Сидр" деп аталатын алкоголі аз сусын уақытша сатылымға шығарылмайды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті алкоголь өнімін импорттаушылар мен өткізушілерді хабардар ету және мән-жайлар анықталғанға дейін аталған өнімді сатылымнан уақытша алып тастау туралы аумақтық департаменттерге тапсырма берді.