“Депутат санын тым көбейтудің қажеті жоқ, Президент квотасы болмайды“ - Тоқаев жаңа Парламент туралы

0
117

Қазір қос палатада 148 депутат бар.


“Депутат санын тым көбейтудің қажеті жоқ, Президент квотасы болмайды“ - Тоқаев жаңа Парламент туралы

Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы жаңа Парламентте Президент квотасы болмайтынын айтты, деп жазады tengrinews.kz.

"Мен биылғы Жолдауымда бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтердім. Бұл осыған дейінгі саяси өзгерістердің заңды жалғасы деуге болады. Біз "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидатын орнықтыра түсеміз, яғни еліміз Президенттік Республика болып қала береді.
Жаңа бастама қоғамда қызу талқыланып жатыр. Парламенттің құрылымына қатысты көптеген ұсыныс келіп түсуде", - деді Президент.

Мысалы, депутаттардың саны халық санына сәйкес, яғни пропорционалды болуға тиіс деген ойлар айтылуда. Президенттің айтуынша, ұндай ұстаныммен қарайтын болса, олардың саны 200 адамға жетеді. Қазір қос палатада 148 депутат бар.

"Парламенттік реформа – екі палатаны жай біріктіре салу деген сөз емес. Меніңше, депутат санын тым көбейтудің қажеті жоқ. Керісінше, оңтайландыру керек, Парламенттің жұмысын жетілдіру қажет. Мысалы, бір палаталы жаңа Парламентте Президент квотасы болмайды. Барлық депутаттар бірдей тәртіппен сайлануы қажет. Бұл – алдағы Парламенттік реформа аясында жасалатын аса маңызды қадам. Мұны жақсы ұғынып, жұртшылыққа кеңінен түсіндіру қажет".