Былтыр дезинфекция жұмыстары жиі әрі қарқынды түрде жүргізілген болатын.
ERNUR.KZ. Былтыр КВИ тарап жатқанда дезинфекциялық жұмыстар белсенді жүргізілген болатын. Қоғамдық орындарда, аялдамаларда, үйдің кіреберістерінде жасалып жатты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Коронавирустың таралуы биыл да бәсеңдемегенімен, дезинфекциялық шаралар қарқынды жүргізіліп жатқан жоқ. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер спикерлерден осы жағдайды түсіндіріп өтуін сұрады.
ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановтың айтуынша, өткен жылы КВИ пандемиясы жарияланғанда вирустың таралу жолдары зерттелмегендіктен, ДДСҰ ұсынысы бойынша дезинфекциялау жұмыстары жиі жүргізілді.
«Дезинфекциялау жұмыстары Қзақстанда ғана емес, Қытайда, Еуропа елдерінде де жүргізілді. Жалпы, КВИ-дің таралу жолы белгісіз болуына байланысты министрлік 2020 жылы адамдар көп шоғырланатын орындарды, аялдамаларды, қоғамдық көліктерді, барлығын дезинфекциядан өткізу, дезинфекциялық тоннель орнату туралы шешім қабылдаған болатын. Бүгінгі таңда зерттеу жұмыстарының нәтижесі вирус көп таралуы мүмкін жерлерді дезинфекциялаудың басқа шараларға қарағанда тиімдірек екенін көрсетіп отыр. Осыған орай, ведомство ғимараттарды, көшелерді, қоғамдық орындарды дезинфекциялаудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Бұл ДДСҰ ұсынымына сәйкес жасалуда», - деді М.Шоранов өз жауабында.