Діни мейрам кезінде карантин режімін сақтау керек

0
978

Сәуір айында біздер үшін маңызды бірқатар діни мейрамдар бар.


Діни мейрам кезінде карантин режімін сақтау керек

ERNUR.KZ. Діни бірлестіктерге мерекелік діни рәсімдерді онлайн режімде өткізуді ұсынамыз. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Сәуір айында біздер үшін маңызды бірқатар діни мейрамдар келе жатыр. Олар: Ораза, православтық және католиктік Пасха, яһудилік Песах және тағы да басқалар. Сөзсіз, олардың барлығы көптеген азаматтар үшін үлкен маңызы бар. Біз дін ұстанушы азаматтарымыздың діни сеніміне зор құрметпен қараймыз. Алайда коронавирус індеті барлық адамның денсаулығына, өміріне қауіп төндіруде. Сол үшін көптеген елдер эпидемияға қарсы бұрын-соңды болмаған шектеулер енгізуде. Вирус таралмауы үшін адамдар жиналатын барлық шараларға, оның ішінде діни шараларға да уақытша тыйым салынады. Себебі бұл діни шаралар кезінде адамдар ғибадат орындарына барып, туыстарымен, жақындарымен жиналады. Бірге мазар басына барады, одан да басқа әртүрлі мәдени-көпшілік шаралар болады», - деді министр деді министр «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен.

Бұл тұрғыда ведомство басшысы ел тұрғындарына түсіністікпен қарауға шақырды

«Сол үшін қазіргідей күрделі уақытта ең басты мәселе – адамның денсаулығы мен амандығы. Ешқандай дін адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенді мақұлдамайды. Осы ретте барлық діни және этно-мәдени ұйымдардың басшылары мен азаматтарды түсіністік танытуға шақырамыз. Діни мейрам кезінде карантин режімін сақтауды сұраймыз. Діни бірлестіктерге мерекелік діни рәсімдерді онлайн режімде өткізуге ұсынамыз», - деді Дәурен Абаев.