Доллармен пайда табуға мүмкіндік болмайды – экономика министрі

0
100

Жақында доллар бағамы 500 теңгеден асты.


Доллармен пайда табуға мүмкіндік болмайды – экономика министрі

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров құбылмалы доллар бағамымен пайда табуға қатысты пікір білдірді, деп жазады sputnik.kz.
Жақында доллар бағамы 500 теңгеден асты. Бірақ қазір одан төмен түсті. Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, кәсіпорындар салық төлеуге кірісті. Ондайда көбісі долларды теңгеге айырбастайды. Соның нәтижесінде ұлттық валюта күшейеді.
"Жақында квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың тарапынан долларды ұлттық банкке сатуға қатысты міндеті енгізілді. Ол да курсты тиімді басқаруға мүмкіндік беріп отыр. Бүгінде доллар тағы өседі-ау дейтіндер ақшаны ұстап отырады да, онымен пайда табамыз деп ойлайды. Ондайға жол бермеу үшін жаңағы ережені енгіздік. Компаниялар доллардың 50 процентін сатып отыруға міндетті. Сосын ұлттық қордан республикалық бюджетті қаржыландыру үшін трансфертер де жалғасып жатыр. Ол да теңгенің күшеюіне ықпал етеді", - деді Байбазаров сенатта өткен брифингте.
Осы орайда министр алдағы үш жылдық бюджетке бір доллардың орташа бағамын 470 теңге деп белгілеудің себебін түсіндірді.

"Бір жылдың ішінде курс құбылып тұруы мүмкін. Мысалы, биыл доллардың орташа бағамы 460 теңге, ал келесі жылы 470 болады деп отырмыз. Курс көтеріледі, түседі, бірақ орташа есебін алғанда жаңағы көрсеткішке келуіміз керек. Биыл да солай болды. Келесі жылы доллардың орташа жылдық бағамы 470 теңге деп отырмыз", - деп атап көрсетті Байбазаров.