ДСМ: Су тасқыны басталғалы бері 4 мыңнан астам ауыз су сынамасы алынды

0
495

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.


ДСМ: Су тасқыны басталғалы бері 4 мыңнан астам ауыз су сынамасы алынды

Денсаулық сақтау министрлігі су басқан өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ерекше бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭҚ) жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.
Қазақстанда су тасқынына тән инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
"Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында СЭҚ ауыз суды бақылауды күшейтті. Су тасқыны басталғалы бері 4 мыңнан астам ауыз су сынамасы алынып, санитарлық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша тексерілді", - делінген хабарламада.
Судың сапасы мен қауіпсіздігіне зертханалық бақылау нәтижелері бойынша жұқпалы аурулардың су арқылы таралу қаупі жоқ.
Су тасқыны кезінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу және су басқан учаскелерде аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету үшін өңірлерге Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары жіберілді.