"Егер халық газ бағасына наразы болса, олар әрқашан қоғамдық көліктермен жүре алады": Қазақстандықтар министр кеңесшісін сынға алды

0
711

Кейін Олжас Байділдинов өзінің Instagram арнасында өзіне айтылған сын пікірлерге жауап берген.


ҚР Энергетика министрінің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Байділдиновтың 3 қаңтар күні өткен брифингтегі жауабы қазақстандықтардың талқысына түсті, деп хабарлайды Stan.kz

"Бензин, сұйытылған газ немесе кез келген осындай отын бірдей тауар болып саналады. Егер бүгінгі күні біз соданы сұйытылған газдан қымбатырақ сатып алатын болсақ, бұл біздің сода қымбат дегенді білдірмейді, бұл бізде сұйытылған газдың арзан екенінің дәлелі. Әлем бойынша мұндай баға жоқ. Құнды, бағаны нарық анықтайды, ол жалақы мен табысқа байланысты емес. Егер адамдар бұл бағаға наразы болса, олар әрқашан қоғамдық көлікпен жүре алады. Осы да мәселе ме?", - деген орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Олжас Байділдинов.
Кейін Олжас Байділдинов өзінің Instagram арнасында өзіне айтылған сын пікірлерге жауап берген. Онда ол бұл Telegram-арналардың атақ іздеген әрекеті екенін айтып ақталған.
"Бұл телеграм-арналардың хайпы ғана. Есесіне енді барлығы жанармай бағасының неге өскенін және өсе беретінін білетін болды. Мамандар мен сарапшыларды оқыңыздар. Ұрыс іздеген телеграм-арналадың қызығы уақытша", - дейді Байділдинов.
Желі қолданушылары өздерінің сыни ойларын жарыса жазған. "Мұның барлығына қашан үлгерген?", "Осындай қатыгез жауаптарға халықтың көңілі тоймай, наразылық білдіреді", "Егер билік жұмыстарын орындай алмаса, барлығы бірдей жиналып кетуі керек. Осы да мәселе ме?", -деп жазған қазақстандықтар.
Kozachkov offside Telegram арнасында бұл оқиғаға қатысты ақпарат жарияланған. Онда жазба авторы сынға қалған Олжас Байділдиновтің Маңғыстау облысы әкімінің кеңешісі болып сайланғанын айтады.
"Бұл фиаско, бауырым. Энергетика министрлігі өз кеңесшісін босатты. Маған енді ғана жетті – бұл бала Маңғыстау облысының әкімі Ноғаевтың кеңесшісі болып сайланды", - деп жазады автор.