Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.
фото:Ертай Сарбасов
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан мен Ұлытау облыстарында экологтар қамауға алынды, деп жазады sputnik.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, Шығыс Қазақстанда облыстық экология департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы тергеуге алынған болатын.
"Шенеунік бұрын келісілген 130 миллион теңгенің 8,5 миллион теңгесі сомасында коммерциялық ұйым директорының орынбасарынан кәсіпорынды эмиссия төлемей автожол төсемін қайта жаңарту фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін пара алды деп айыпталып отыр", - деді Бигайдаров брифингте.
Ал Ұлытау облысында экология департаментінің басшысы, оның орынбасары мен екі кәсіпкерге қатысты парақорлық фактілері бойынша тергеу материалдары сотқа жіберілді. Лауазымды тұлғалар экология саласындағы рұқсат құжаттарын бергені үшін бизнес субъектілерінен жалпы сомасы 7,2 млн теңгеге бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді.
Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.