Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.
ERNUR.KZ. Екібастұзда 41 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды, деп жазады Azattyq Ruhy.
Облыстық жедел жәрдем станциясының хабарлауынша, «103» қызметіне шақыру 2 тамыз күні сағат 17:00-де түскен.
"Жедел жәрдемнің бірінші санаты бойынша келген дәрігерлер зардап шегушінің қайтыс болғанын анықтады", — деп толықтырды баспасөз қызметінде.
Облыстық полиция департаменті аталған фактіге қатысты әзірге ақпарат берген жоқ.