Елімізде 11 мыңға жуық этникалық қазақ оралман мәртебесін алды

0
621

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы облысына қоныстанған.


Елімізде 11 мыңға жуық этникалық қазақ оралман мәртебесін алды

Еліміздегі 1 қазандағы жағдай бойынша 10,9 мың адам тарихи Отанымен табысып, оралман мәртебесін алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 68,3 мың этникалық қазақ оралды.

Осы жылы Қазақстанға келген оралмандардың жартысынан көбі (56,9%) Қытайдан, 27,7% – Өзбекстаннан, 9,1% – Түрікменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (53,1%) және Маңғыстау (13,2%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Шымкент қалаларына (3,3%) қоныстанды.

9 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 57,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,5%-ды және зейнеткерлер 10,3%-ды құрайды.