Елімізде арнайы жасақтың жалақысы өседі

0
662

Қаңтар оқиғасы кезінде полицейлер мен Ұлттық ұланның сегіз қызметкері қаза тауып, үш мыңы жарақат алған болатын.


Елімізде арнайы жасақтың жалақысы өседі

ERNUR.KZ. Бұл жөнінде ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп жазады 24.kz.

Үкімет отырысында, сондай-ақ кешегі дүрбелеңде қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына қандай көмек көрсетілетіні айтылды.

Заң бойынша, қызметтік міндетін атқару кезенде қаза болған қызметкерлердің отбасына 5 жыл ақшалай өтемақы, сондай-ақ жерлеу үшін 3 айлық өтемақы төленеді.

Қаңтар оқиғасы кезінде полицейлер мен Ұлттық ұланның сегіз қызметкері қаза тауып, үш мыңы жарақат алған болатын.