Елімізде қанша үй су астында қалғаны айтылды

0
689

Қазіргі таңда Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы өзендерде су деңгейінің жоғарылауы байқалады.


Елімізде қанша үй су астында қалғаны айтылды

ERNUR.KZ. Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов елімізде 1405 үй су астында қалғанын айтты, деп жазады baq.kz.

Ведомство өкілінің мәлімдеуінше, бүгінгі таңда 5 өңірде 1 405 жеке үй, 372 аула аумағы, 99 саяжай және 10 ғимарат су астында қалды.

55 шайылған автожол учаскелері мен төрт көпірдің (Абай, Қостанай, Атырау) қалпына келтіру жұмыстары бақылауда.Көлік қатынасынсыз 50 елді мекен қалып отыр. Олармен үнемі байланыстамыз, әкімдіктер азық-түлік және дәрі-дәрмек резервтерін дайындады, оларды уақытымен жеткіздік. Бұл жерде төтенше жағдай аймақтарында қажетті көмек көрсететін еріктілердің жұмысын атап өткім келді, - деді вице-министр.

Ол су қоймалары мен өзендердің толымдылығына мониторинг жалғасып жатқанын атап өтті.

Қазіргі таңда Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы өзендерде су деңгейінің жоғарылауы байқалады, Шығыс Қазақстан облысының таулы жерлерінде де үлкен қар көлемі жатыр. Бұл өңірлерге қажет болған жағдайда, Министрліктің күштері мен құралдары қосымша тартылатын болады, - деді Бауыржан Сыздықов.