Елімізде коронавирустан 182 медицина қызметкері қайтыс болды

0
653

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді.


Елімізде коронавирустан 182 медицина қызметкері қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан көз жұмған медицина қызметкерлеріне 10 млн теңге өтемақы төленеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Соңғы шешім қабылданды, қаза болған медицина қызметкерлерінің барлығының отбасыларына/жақындарына 10 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді. Осы аптаның соңына дейін ақша өтінім берушінің банктің есепшотына түседі. Қазақстанда коронавирус пандемиясы басталғаннан бері 182 ақ халатты абзал жан өмірден өтті", - деді Бағдат Қожахметов.