Енді әскери дәрігерлер вирус жұқтыру деңгейіне қарай үш түрлі тәуекел тобына жатқызылып, 5, 10 және 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде үстемақы алады.
ERNUR.KZ. Тиісті қаулыға Үкімет басшысы қол қойды, деп жазады 24.kz.
Соған сәйкес, олардың жалақысына кемінде 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаражат қосылады.
Қаулыда көрсетілген өзгерісті денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыруы тиіс. Енді әскери дәрігерлер вирус жұқтыру деңгейіне қарай үш түрлі тәуекел тобына жатқызылып, 5, 10 және 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде үстемақы алады.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Алматыдағы әскери госпитальде еңбек етіп жүрген 24 қызметкердің коронавирусқа шалдыққанын хабарлаған болатынбыз. Олар қызмет барысында ауру жұқтырса да, әлеуметтік төлем алушылар тізіміне енбеген.
Кейін дәрігерлер осы мәселемен тиісті органдарға жүгініп, шағымдарын жеткізді. Араға бір апта салып, олардың өтініші орындалды.