Жаңадан жасақталған Үкіметтің бүгінгі отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев қақтығыстар кезінде бұзылған ғимараттар бойынша ақпарат ұсынды.
Әкімдіктердің жедел мәліметіне сәйкес, қазіргі кезде ел бойынша 8 өңірде 53 мемлекеттік ғимарат, сондай-ақ 151 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны зардап шеккен, деп жазады Экспресс К.
"Әкімдіктер бүлінген ғимараттардың санын күн сайын жаңартып отырады. Мемлекеттің комиссия нысандарды қалпына келтіру бойынша нақты мерзімдер белгіледі. Барлық өңірде келтірілген залалды тексеру және бағалау жұмыстары жүріп жатыр", деді министр.
Министр ұсынған ақпаратқа сай, мемлекеттік ғимараттарды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары 16 қаңтарда басталып, 20 ақпанда аяқталады.


