Елорда атауы өзгерген соң ескі құжаттарға бюрократиялық кедергі болмасын - Тоқаев

0
991

Үкіметке электрондық және туристік визаларға қатысты нормативтік-құқықтық актілерге қажетті түзетулер енгізу тапсырылды.


Елорда атауы өзгерген соң ескі құжаттарға бюрократиялық кедергі болмасын - Тоқаев

Мемлекет басшысы өңір әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте Үкімет мүшелерінің баяндамаларын талқылау барысында ел астанасы мен қала көшелеріне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру Елбасының Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретіндегі еңбегін айшықтайтын тарихи оқиға деп бағалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты, Президент елорда әкіміне барлық мүдделі қызметтер мен ведомстволардың астананы қайта атауына байланысты жұмысын реттеуді тапсырды. Одан бөлек, Үкіметке электрондық және туристік визаларға қатысты нормативтік-құқықтық актілерге қажетті түзетулер енгізу тапсырылды. Сонымен бірге, Президент атап өткендей, Ішкі істер, Сыртқы істер министрліктері мен ҰҚК Шекара қызметі елорда атауының өзгеруіне байланысты бұрынғы құжаттардың мерзімі аяқталғанша еш бюрократиялық кедергі келтірмеулері тиіс.