Елордада «Көшпенділер әлемі» фестивалі өтеді

0
1 945

Нұр-Сұлтан қаласында осымен екінші жыл қатарынан халықаралық көшпенділер фестивалі ұйымдастырылады.


Елордада «Көшпенділер әлемі» фестивалі өтеді

ERNUR.KZ. 29-30 маусым күндері бас қалада осымен екінші жыл қатарына халықаралық көшпенділер фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Көшпенділер әлемі» фестиваліне әр түрлі елдің, атап айтқанда Венгрия, Болгария, Иран, Түркия, Қырғызстан, Оңтүстік Кореяның өкілдері қатысады.

«Барлық қонақтар қолөнершілердің өнерін көре алады. Киізді қалай илеу керектігін, былғары терімен, күміс және қыш-құмыра бұйымдарымен жұмыс істеуді үйренеді. Сондай-ақ, танымал орындаушылардың қатысуымен этно-музыкалық бағдарлама күтуде. Одан бөлек, қылыш семсермен жекпе-жек жігіттік сайыстарды көріп, көшпенділердің өмір салтымен танысасыз, киіз илеуді үйренесіз, былғарымен, күміс және қыш-құмыра бұйымдарымен жұмыс істеу мүмкіндігіңіз болады», - деп хабарлайды ұлттық компания.

Айтулы шара, Нұр-Сұлтан қаласы, Қарқаралы көшесі, 1 мекенжайындағы «Этноауыл» ұлттық мәдени кешенінде өтеді. (Қазанат ипподромының аумағы).
Кіру тегін.