Жол апаты салдарынан Hyundai мен Subaru XV жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Елордада төрт көлік соқтығысты. Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 22 ақпанда кешкі сағат 19.22-де Түркістан көшесінде болған.
31 жастағы Hyundai маркалы көліктің жүргізушісі Бұқар жырау көшесі жақтан Орынбор көшесіне қарай кетіп бара жатып Subaru XV көлігімен соқтығысты. Соққының күшімен тағы екі көлікке - Subaru Legacy мен Chevrolet Malibu-ге зақым келді.
Жол апаты салдарынан Hyundai мен Subaru XV жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілді.