Елордадан 20 шетелдік азамат шығарылды

0
367

Көші-қон қызметі қызметкерлері іс-шара өткізу кезінде Өзбекстанның 28 жастағы азаматын ұстады.


Елордадан 20 шетелдік азамат шығарылды

ERNUR.KZ. Елордадан көші-қон заңнамасын бұзған 20 шетелдік азамат шығарылды, деп жазады baq.kz.

Астана қаласының полиция департаменті көшелерде және қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу мақсатында елорда аумағында ағымдағы жылдың 3-9 маусымы аралығында жедел-алдын алу іс-шарасын өткізеді.

Іс-шараны өткізу нәтижелері бойынша елордалық гарнизон қызметкерлері шетелдік азаматтардың елордада болу ережелерін бұзудың 126 фактісін анықтады.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін, шақырылған шетелдіктердің елде болу ережелерін бұзғаны үшін Қазақстанның 23 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны және шетелдіктің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін 6 азамат жауапқа тартылды. Қазақстан Республикасынан тыс жерге 20 шетелдік шығарылды, - делінген Астана қаласы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Көші-қон қызметі қызметкерлері іс-шара өткізу кезінде Өзбекстанның 28 жастағы азаматын ұстады. 2019 жылы сот шешімімен ер адам Қазақстан Республикасынан шығарылғаны анықталды, бірақ қазіргі уақытқа дейін ол елден кетпеген және Қазақстанда заңсыз болған. Полиция қызметкерлері мигрантты әуе рейсімен Өзбекстанға жіберді.