Енді дәрі-дәрмекті пошта арқылы алдыртуға болады

0
178

"Қазпоштаға" дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдау және сақтау құқығы беріледі.


Енді дәрі-дәрмекті пошта арқылы алдыртуға болады

Фото: Риа Новости

ERNUR.KZ. Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс қызметтерін көрсету, мемлекеттік сатып алу, көлік және пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы екінші оқылымда қабылданды, деп жазады inbusiness.kz.

Ұлттық операторға, яғни "Қазпошта" акционерлік қоғамына денсаулық сақтау саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдау және сақтау құқығы беріледі.

"Бүгінде 2054 ауылдық пошта бөлімшесі жұмыс істейді, олар қолма-қол ақша, хаттарды, газеттерді жеткізуді, төлемдерді қабылдауды қамтамасыз етеді және барлық 6209 ауылдық елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетеді. Яғни, ауыл тұрғындарының қаржылық және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігі негізінен "Қазпошта" акционерлік қоғамы есебінен қамтамасыз етіледі. Айта кету керек, ауылдық жерлерде пошта бөлімшелерін жабу жоспарда жоқ. Бұл ретте еліміздің ең шалғай ауылдарына қызметтер жылжымалы пошта бөлімшелері арқылы көрсетіледі", деді сенатор.

Қазіргі уақытта олардың саны – 151. Сенатор ұлттық пошта операторы көрсететін әлеуметтік сипаттағы қызметтер негізінен қаржылық жағынан тиімсіз екенін атап өтті.

"Соңғы жылдары мемлекет субсидиясының айтарлықтай төмендеуі "Қазпошта" қызметіне нақты әсер тигізуде. Үкімет тарапынан Қазақстанның барлық өңірлерінде, оның ішінде әрбір ауылда пошталық, логистикалық, қаржылық, әлеуметтік қызметтердің кең спектрін ұсынатын стратегиялық операторы "Қазпошта" қызметінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге назар аударуы қажет", деді сенатор Әлібек Нәутиев.