Енді кімдер жедел жәрдем шақыра алмайды?

0
1 581

Шымкентте ұялы байланыс операторлары тіркелмеген нөмірлерге шектеу қойды


Енді кімдер жедел жәрдем шақыра алмайды?

ERNUR.KZ. Ұялы телефонының нөмірін тіркемеген тұрғындар 103-ке хабарласа алмайды, деп жазады sputniknews.

Ал жедел жәрдем қызметкерлері тәулігіне 24 сағат бойы қоңырау қабылдайды.

Қалалық жедел жәрдем стансасы тұрғындарды мұндай техникалық қолайсыздық үшін түсіністік танытуға шақырды.

Қалада тіркелмеген нөмірлерге қойылған шектеулерге қарамастан, жедел жәрдем стансасына балама нөмірлер арқылы хабарласуға болады: +7 7252 —53-91-14, 43-31-89, 43-55-82, 43-33-01, 39-08-23".

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелмеген ұялы телефонға байланыс қызметі көрсетілмейтінін мәлімдеген еді.

"2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап IMEI-код + SIM-карта + тұлғаның ЖСН-ні сызбасы бойынша абоненттік құрылғыларды міндетті тіркеу ережесі күшіне енеді. Тіркелмеген абоненттерге байланыс қызметі көрсетілмейді. Сондықтан азаматтар осы жылдың соңына дейін өз құрылғысын тіркеуі қажет",- деді ол.