​Енді марқұм болған жақыныңыздың әлеуметтік желідегі аккаунтын естелік ретінде сақтай аласыз

0
238

Facebook және Instagram платформаларында мемориализациялау қызметі қарастырылған.


​Енді марқұм болған жақыныңыздың әлеуметтік желідегі аккаунтын естелік ретінде сақтай аласыз

Фото: sky.com

ERNUR.KZ. Адам қайтыс болғаннан кейін оның әлеуметтік желідегі аккаунттарын естелік ретінде сақтауға болады. Бұл туралы Jibek Joly арнасының жаңалықтарында айтылды, деп жазады inform.kz.

Facebook және Instagram платформаларында мемориализациялау қызметі қарастырылған. Ол үшін парақша иесінің өмірден озғанын дәлелдейтін қандай да бір ақпаратты немесе некрологтың анықтамасын желі әкімшілігіне ұсынасыз. Мағлұмат расталса, профиль қолданушысының аты жазылған тұсқа «Еске алу» деген белгі пайда болады. Одан кейін марқұмның парақшасын ешкім пайдалана алмайды.

Айта кетейік, 2021 жылы желі қолданушысы жалған некрологтың көмегімен Instagram-ның негізін қалаған Адам Моссеридің инстапарақшасын дәл осылай мемориализациялап тастаған еді.